5 тамызда Астанадағы «Құлагер» ипподромында бәйгеден Республика Чемпионатының бесінші іріктеу турнирі өтті. Құрметті қонақтар ретінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов және «Бәйге» республикалық федерациясының президенті Қанат Көпбаев сөз сөйледі.
Құнан бәйгеде бірінші орынды "Лазер" атты тұлпар мен Алдияр Уайсхан есімді шабандоз иеленді.
Топ бәйгеде Мой мир атты тұлпар, шабандоз Әмір Серіктің жеңіске жетті.
Бекзат Ділдаханның Талхиз атты жылқысы аламан бәйгеде бірінші болып келіп, бас жүлдені жеңіп алды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша жарыс күні ұлттық костюмдер байқауы өтті, оның аясында қатысушылар миллион теңгелік бас жүлдеге сайысқа түсті. Бірінші орынды Бұлбұлқан Серғазы иеленді.