7 қазанда Алматы қаласында бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты финалы өтті.
Финалдық жарыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары жарысты. Еліміздің үздік спортшылары мен ат спорты әуесқойларын бәсекелестік рух пен адал күрес атмосферасын көрсетті.
Жеңімпаздар:
Ұшқыр бәйгеде І орынды Орасан Зор атты (Orasan Zor) тұлпар иеленді, шабандозы Д. Күрішбек болды.
Қазақстанда туған құнандар бәйгесі бойынша- Жұлдызай атты тұлпар, шабандозы Арнат Мұратхан.
Жорға жарыста I орынды Банзай атты тұлпар, шабандоз Мақсат Мүслімұлы жеңіп алды.
Құнан бәйгеде шабандоз Арнат Мұратхан, тұлпары Зымыран жеңімпаз атанды.
Топ байге нәтижесі: шабандоз Абзал Тұрмыс, Тұмар атты тұлпар бірінші орынды иеленді.
Бас бәйге аламан бойынша I орынды Секрет атты сәйгүлік, шабандозы Әлішер Тілек жеңіп алды.
Ұлы аламанда І орынды Шағала атты тұлпар мен Әбдіқала Асланбек есімді шабандоз иеленді.
Финалға музыкалық көңіл – күйді Федерацияның елшісі Асылбек Еңсепов пен қазақ эстрадасының сүйікті әртістері Медеу Арынбаев пен Әзімбек Байлин сыйлады.
Алматыдағы "Ұлттық киім - ұлт ажары" ұлттық костюм байқауының жеңімпазы Бақытгүл Пардаева болды.
Келесі жылы чемпионатқа жаңа қалаларды қосу және қатысушылар үшін жүлде қорын ұлғайту жоспарлануда, бұл, чемпионат одан әрі ауқымды болады дегенді білдіреді.