2024 жылдың 22 маусым
көкшетауда өткен VI Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты іріктеу кезеңі
Маусым айының 22-ші жұлдызы Көкшетау қаласы Құлагер атшабарында бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионатының кезекті жарысы өтті.

"Бәйге федерациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырылуымен бұл жарысқа ат сүйер қауым мен бәйгенің 4-түрінен 79-шабандоз қатысты. Кіл жүйріктен шын жүйріктер додаға түсіп, чемпионат финалына жолдама үшін таласты.

Жарыс бәйгенің 4 түрі бойынша өтті: Құнан бәйге, Топ бәйге, Жорға Жарыс және Аламан бәйге, жалпы жүлде қоры — 24 900 000 теңге.

Құнан бәйгеден І орынды бабы мен бағы келіскен «Бакарди гел» есімді сәйгүлік иеленді, шабандозы Арнат Мұратхан. II орынды «Қарлығаш» құнаны қанжығасына байлады, шабандозы Ділдахан Бекзат. Мықтылар үштігін «Абырой» есімді жүйрікті тізгіндеген Исламнұр Ертөс тәмамдады.

Топ бәйгенің көшбасары «Айналайын» есімді пырақ, Сержан Бақтыбай шабандозымен үздік атанды. II орынды «Жаннур» атты арғымақ, шабандозы Айтқабыл Қабылмен алды. ІІІ орынды шабандоз Эльдар Боранбай «Аймарал» атты тұлпарымен жеңді.

Жорға жарыс қорытындысына келсек: I орынды иеленген «Сал күрең», шабандозы Санжар Тымбаев.
II орын «Месяц май», шабандозы Афанасьева Александра есімді ару. III орын «Мұз торы»,
шабандозы Данияр Шакеров.

22 шақырымдық Аламан бәйгеден жүлдеге ілініп, ҚР Бәйге чемпионатының ақтық мәресіне жолдама алған жүйріктер. І орынды «Береке» есімді дүлділ иеленді, шабандозы Санжар Иринатұлы, ІІ орынды бағы жанған «Бақторы» есімді жылқы, шабандозы Балғымбек Бапышпен жеңіп алды. ІІІ орында «Қымбат» атты тұлпар шабандозы Абзал Тұрмыспен.

Бәйге барысында, атсүйер қауымға жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайтын бас серіктес — OLIMPBET атынан сыйлықтардың ұтыс ойыны өтті.

Шабандоздарды бүгінгі жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Іс-шараның жоғары дәрежеде өтуіне үлес қосқан серіктестеріміз бен демеушілерімізге алғыс білдіреміз.

Іс-шара ұйымдастырушылары мен серіктестері: "Бәйге федерациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігі, Ақмола облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы.

Бас демеуші: OLIMPBET
Іс-шараның демеушілері: Kusto Group, YPO Kazakhstan, Shifer.kz, Sport+, Kazseeds, Kazbeef, MYD production, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары.
24 900 000
теңге
Жалпы жүлде
қоры
22 июня 2024 года
VI-отборочный турнир Чемпионата Республики Казахстан по байге г. кокшетау
Стали известны имена победителей VI отборочного этапа Чемпионата Республики Казахстан по байге - OLIMPBET.

22 июня состоялся очередной этап Чемпионата Республики Казахстан по байге, который прошел на ипподроме «Кулагер» в городе Кокшетау.

Национальное соревнование, организованное Республиканским общественным объединением "Федерация Бәйге", привлёк внимание любителей конного спорта. 80 участников приехали со всех уголков страны.

Соревнования прошли в 4-х дисциплинах: Кунан байге, Топ байге, Жорга жарыс и Аламан байге, с общим призовым фондом в 24 900 000 тенге.

В дисциплине Кунан байге
I место заняла лошадь «Бакарди гел», жокей Арнат Мұратхан. II место занял «Қарлығаш», наездником был Ділдахан Бекзат. Третьим финишировал скакун по кличке «Абырой», жокеем являлся Исламнұр Ертөс.

В Топ байге лучшими из лучших стали скакун «Айналайын» и наездник Сержан Бақтыбай. На II месте лошадь по имени «Кемеңгер», жокей Арнұр Саматұлы Третье место завоевал конь по кличке «Темірқазық», наездником которого был Санжар Иринатұлы.

Итоги Жорга Жарыс: I место «Сал Курен», наездник Санжар Тымбаев.
II место «Месяц май», наездница прекрасная Афанасьева Александра. III место «Мұз торы»,
жокей Данияр Шакеров.

Скакуны, занявшие призовые места в 22-километровой скачке Аламан: I место занял жеребец по кличке «Береке», жокеем был Санжар Иринатұлы, II место завоевал скакун по кличке «Бақторы», наездник Балғымбек Бапыш. На третьем лошадь «Қымбат» и жокей Абзал Тұрмыс.

Во время скачек - для зрителей состоялся розыгрыш призов от Главного партнера - OLIMPBET, с общим призовым фондом в 3 000 000 тг.

Благодарим всех болельщиков и любителей конного спорта, искренни поздравляем победителей дисциплин.

Отдельная благодарность нашим партнерам и спонсорам за их поддержку и большой вклад в национальный спорт.

Организаторы и партнеры мероприятия: Республиканское общественное объединение «Федерация Бәйге», Акимат Акмолинской области, Ассоциация национальных видов спорта Республики Казахстан.
Генеральный спонсор: OLIMPBET
Спонсоры мероприятия: Kusto Group, YPO Kazakhstan, Shifer.kz, Sport+, Kazseeds, Kazbeef, MYD production, Всемирные игры кочевников.
24 900 000
тенге
Общий призовой фонд
Made on
Tilda