БӘЙГЕ ТҮРЛЕРІНЕН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНА ІРІКТЕУ
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына (бұдан әрі - Ойындар) Қазақстан
Республикасы ұлттық құрамасы атынан әр бәйге түрі бойынша 6 спортшы, 6 ат қатыса алады.
  • Құнан бәйге
    6 спортшы
  • Топ бәйге
    6 спортшы
  • Жорға жарыс
    6 спортшы
  • Аламан бәйге
    6 спортшы
Іріктеу турниріне Қазақстан Республикасының Спорт туралы заңына және 2024 жылғы ҚР
«Ұлттық спорт қауымдастығы» ЗТБ бекіткен Қазақстан Республикасы бәйге түрлерінің Ережесіне сәйкес барлық қатысушылар жіберіледі.
Ойындарға Ұлттық құрамасын іріктеу екі кезеңнен тұрады:
1 - КЕЗЕҢ
  • 2024 жылдың 3 тамыз күні
  • Павлодар қаласы атшабары
Іріктеудің бірінші кезеңі «Бәйге түрлерінен Қазақстан Чемпионатына іріктеу Республикалық турнирі» аясында өткізіледі. Іріктеудің 1-ші кезеңінде 1,2,3-ші орын алған қатысушыларға лицензиялар беріледі.
2 - КЕЗЕҢ
  • 2024 жылдың 11 тамыз күні
  • Алматы қаласы атшабары
Іріктеудің екінші кезеңі «Бәйге түрлерінен Алматы Кубогі». Іріктеудің 2-ші кезеңінде 1,2,3-ші орын алған қатысушыларға лицензиялар беріледі.
Made on
Tilda