Қыс мезгілі 2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Бәйге федерациясының есеп беру конференциясымен басталды..
Федерация мүшелері өткен маусымды, өткізілген іс-шараларды, республикалық және халықаралық турнирлерді қорытындылады.
Конференция аясында Бәйге Ережелеріне өзгерістер енгізіліп, толықтырылып, сондай-ақ 2024 жылға арналған күнтізбелік жоспар жасалды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындыққа ерекше назар аудару да талқыланды..
Салтанатты жабылу рәсімі кезінде үздіктер марапатталды:
Үздік шабандоз — Бекзат Ділдахан;
Үздік бапкер — Мұрат Досбергенов;
Үздік тұлпарлар:
Құнан бәйге — “Зымыран”, иесі Нұржігіт Табылдиев,
Топ бәйге — “Тұмар”, иесі Сабит Жанколиков,
Аламан бәйге — “Секрет”, иесі Еділ Таймерденов,
Ұлы Аламан бәйге — “Шағала”, иесі Нұржігіт Табылдиев,
Жорға жарыс — “Банзай”, иесі Нұрлан Касымханов.
Сонымен қатар бұл тізімге — жылқы иелері, Бәйге ұлттық спорт саласына еңбек сіңірген қайраткерлер, Бәйге Федерациясының серіктестері мен достары кірді.