Аттың бабын қажет ете бермейтін атшабыс түрі. Жарысқа белгіленген қашықтық та орташа деңгейде (10-18 шақырым арасында) және аты бар ниет білдірушілердің барлығы да қатыса береді. Көбіне наурыз мерекесінде, шілдехана, тұсау кесер, сүндет той, үйлену тойларда, аста ұйымдастырылатын болған. Бұрындары бәйгеге қатысқан аттар мәреге жақындағанда онымен қатарласа шауып, жанынан қамшылап, ноқтадан тартып көтермеге шығуға рұқсат етілетін. Қазіргі ережеде бұлай жасауға болмайды. Топ бәйгеге балалар да, ересек шабандоздар да қатыса береді.
Этот тип скачек не требует особой подготовки лошадей. Дистанция для гонки также является средней (от 10 до 18 километров), и участвовать могут все желающие, у кого есть лошади. Чаще всего такие скачки организовываются во время праздника Наурыз, шілдехана (празднование рождения ребенка), тұсау кесер (церемония перерезания пут младенца), сундет той (церемония обрезания), свадеб и поминок. Раньше лошадям, участвовавшим в гонке, разрешалось приближаться к финишу бок о бок с другими, подстегивая кнутом и подтягивая за уздечку. В современных правилах это запрещено. В топ байге могут участвовать как дети, так и взрослые наездники.