Әр қатысушы, жылқының иесі, жаттықтырушы, төреші бәйге Ережесін толық білуі тиіс.
Жарысқа тиісті дайындықтан өткен және атты басқару дағдыларын жақсы игерген
8 жасқа толған және одан жоғары жастағы спортшы ер балалар қатыса алады.
Аламан, ТОП, Құнан бәйгелер үшін жарысқа қатысушының салмағы 28 кг-нан төмен болмау тиіс.
Ұшқыр жарыс үшін жарысқа ертоқым мен қатысушының салмағы 50 кг төмен болмауы тиіс.
Бәйге түрлері бойынша әрбір дистанция аяқталғаннан кейін Аламан, Топ, Құнан бәйгелері бойынша 1-5 орын аралығындағы мәре сызығын кескен қатысушылар, ал Ұшқыр мен Жорға жарыс бойынша 1-3 орын аралығындағы мәре сызығын кескен қатысушылар салмақ өлшеу процедурасынан өтуге міндетті.
Салмақ өлшеу барысында белгіленген салмақтан ауытқу төменге қарай 1 кг (1000 гр) рұқсат етіледі.
Бәйге түрлерінің әр дистанциясы бойынша қатысушылардың киім үлгісі Ережеде көрсетілген киім үлгелеріне сай болуы тиіс.
Жарысқа қатысушының міндетті түрде бас қорғау киімі (каска), денені қорғайтын арнайы қорғаныш жилеті болу міндетті. Ескерту: Жарыс кезінде қорғау киімі (каска, корсет) шешілсе ол спортшы жарыстан шеттетіледі.
Жарысқа қатысатын жылқылардың тұқымына, шыққан жеріне, иесіне шектеу қойылмайды.
Құнан бәйгеге қатысатын жылқының жасы - 2 жас, Аламан, Топ бәйгелерге және Ұщқыр жарыс қатысатын жылқының жасы - 3 жас және одан жоғары.
Шет елден келген құнандар Республикалық зауыттық жылқы тұқымдары палатасында экспорттық сертификатын тіркелгендігі туралы толық ақпаратты растаған жағдайда жарысқа жіберіледі.
Аттардың жас ерекшілігін арнайы төрешілерден құралған комиссия жылқының тісін тексеру арқылы анықтайды.
Чемпионатқа қатысуға Іріктеу кезеңдерінде Аламан және ТОП дистанциялары бойынша 1, 2, 3, 4, 5-ші орын иеленген аттар жолдама алады және келесі іріктеу кезеңдеріне қатыстырылмайды. Ал, Құнан дистанциясы бойынша Іріктеу кезеңдерінде 1, 2 орын иеленген жылқылар Чемпионатқа жолдама алады және келесі іріктеу кезеңдеріне қатыстырылмайды. Қалған орындарды иеленген жылқылар келесі іріктеу кезеңдеріне қатыса береді. Жарысқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері жіберіледі.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау медальдар, кубоктар сертификаттарын және қаржылай сыйақы шығындары (жүлде қоры), «Бәйге» Федерациясы» РҚБ және демеушілер есебінен жүргізіледі. Жарыстың төрешілер алқасы құрамының еңбек ақысы және іс-сапар шығындары «Бәйге» Федерациясы» РҚБ есебінен жүргізіледі.
Жарысқа қатысу үшін жол ақысы, тәулік ақысы, қонақ үйде тұру, аттардың жем-шөбі, автокөлікті жалға алу, мал дәрігері және жанар-жағармай шығындары секілді барлық шығындар жарысқа қатысушының өз есебінен жүргізіледі.