10 қазанда Алматы ипподромында «2026 Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты — OLIMPBET» финалы өтіп, 2026 жылғы бәйге маусымы қорытындыланды.
Биыл чемпионат Қазақстанның жеті қаласы мен өңірінде өтті: Қызылорда, Талдықорған, Екібастұз, Павлодар, Зайсан, Ақтөбе және Қостанай. Маусым еліміздің әр өңірінен келген қатысушыларды біріктіріп, жаңа шабандоздардың қосылуымен және жарыстар географиясының кеңеюімен ерекшеленді. Кейбір кезеңдерде жарысқа шамамен 150 қатысушы шықты.
Финалдық жарыс күнінде 11-ден 35 шақырымға дейінгі қашықтықта бес бәйге өтті. Қатысушылар ұлттық бәйге түрлері бойынша және Қазақстанда туған жылқылар арасындағы жарыста бақ сынады.