Зайсандағы 2026 бәйгеден Қазақстан чемпионаты — Olimpbet бесінші кезеңінің қорытындысы
Зайсан қ.
Зайсан қаласында 2026 Бәйгеден Қазақстан Чемпионаты — OLIMPBET жобасының бесінші іріктеу кезеңі аяқталды. Саур тауының етегіндегі жергілікті ипподромда өткен бұл дүбірлі дода еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең жүйрік сәйгүліктер мен шабандоздардың басын қосты.