Жетісудағы дүбір: «Бәйгеден Қазақстан чемпионаты — Olimpbet» екінші кезеңінің қорытындысы
Талдыкорған қ.
Жер жәннаты Жетісудың орталығы Талдықорған қаласында ұлттық спорттың деңгейін жаңа биікке көтерген «Бәйгеден Қазақстан чемпионате — Olimpbet» жобасының екінші іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Ат баптау мен шабандоздар мектебінің ғасырлық дәстүрі сақталған бұл өңірдегі бәсеке нағыз мықтыларды анықтап берді. Кызылордадағы сәтті старттан кейін Талдықорған ипподромындағы тартыс тіпті қыза түсіп, финалдық кезеңге үміткерлердің жаңа тізімін қалыптастырды.
Жеңімпаздар:
Кунан байге:
шабандоз: Ерсұлтан Жарқын
жылқы: Айбарс
Топ байге:
шабандоз: Айтқабыл Нұрали
жылқы: Абырой
Аламан байге:
шабандоз: Айсұлтан Саматұлы
жылқы: Бозбиік
Федерация Бәйге халықаралық ұйымдастыру стандарттарын енгізуді, төреліктің ашықтығын қамтамасыз етуді және отандық спортты жаңа деңгейге шығаруды жалғастыруда. Талдықорғандағы кезең бәйгенің елдегі №1 ұлттық спорт мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді. «Федерация Бәйге» республикалық қоғамдық бірлестігі барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың бапкерлерін лайықты жеңістерімен құттықтайды!