Павлодардағы «Бәйгеден Қазақстан чемпионаты — OLIMPBET» төртінші кезеңінің қорытындысы
Павлодар қ.
Павлодар қаласының «Ертіс-Павлодар» атшабарында «Бәйгеден Қазақстан чемпионаты — Olimpbet» жобасының төртінші іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Дүбірлі додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең жүйрік сәйгүліктер бақ сынады.