2025 жылғы 14 маусым
Петропавлда Қазақстан Республикасының бәйге түрлерінен Olimpbet чемпионатының төртінші кезеңі өтті
Петропавл қ.
Петропавл қаласының иподромында ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен Бәйге федерациясы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының бәйге бойынша Olimpbet чемпионатының төртінші іріктеу кезеңі аяқталды.

Ашылу рәсімі әкімдік пен спорт ұйымдарының өкілдерін жинады. Олар өз сөздерінде ұлттық спорт түрлерін сақтау мен дамытудың, сондай-ақ олардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Жеңімпаздар:
Кунан байге:
шабандоз: Мұратхан Арнат
жылқы: Ақкөз
Астана қ.
Топ байге:
шабандоз: Мерей Гарипуллин
жылқы: Айшуақ
Алматы облысы
Аламан байге:
шабандоз: Султан Төрехан
жылқы: Амарант
Павлодар облысы
Жорга жарыс:
шабандоз: Санжар Тымбаев
жылқы: Ақ Жауын
Абай облысы
Жолға Қазақстанда туып, өсірілген асыл тұқымды жүйріктер шықты. Көрермендерді тек қана қызу жарыстар ғана емес, сонымен қатар мерекелік атмосфера : концерттік бағдарлама, ұтыс ойындары және бас серіктес OLIMPBET-тен сыйлықтар күтті.

Бәйге бойынша чемпионаттың финалдық кезеңі 2025 жылдың күзінде өтіп, бүкіл елден үздік жокейлер мен жылқыларды анықтайды.
Іс-шара серіктестері:
Бас демеуші:
Іс-шара демеушілері:
2025 жылдың бәйгелері
ҚР «Бәйге Федерациясы» ҮЕҰ атқарушы директоры Бимен Алтай Қаркешұлы
Made on
Tilda